Түркістан: Қазығұртта 430 үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды

Түркістан: Қазығұртта 430 үй орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды

Қазығұрт ауданындағы 62 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 38 елді мекенінде 24 сағат ауыз су берілетін болса, 19 елді мекенінде уақытпен, 3 елді мекені бұлақ көзінен ауыз су пайдаланады, деп хабарлайды Turkistan Today.


 Тіршілік нәрін уақытпен қолданып келген Қызылдихан елді мекені енді ауыз суды тәулік бойы пайдалана алады. Елді мекендегі ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары 2022 жылы басталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталған ауыз су құбырынан 430 шаңырақ таза ауызсу тұтынады. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы келіп, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. 


Қазіргі таңда уақытпен су ішетін елді мекендерді толыққанды тіршілік нәрімен қамтудың кешенді картасы бекітілген. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауыз су мәселесін түбегейлі шешу үшін Өгем өзенінен бастау алатын магистральды ауыз су құбырының құрылысы басталады. Ауқымды жоба Қазығұрт ауданынан бөлек, Сарыағаш пен Келес, Мақтаарал мен Жетісай ауданы тұрғындарын да сапалы ауыз сумен қамтуға қауқарлы.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0