Түркістан: мамандар «Шардара» су қоймасына қатысты мәселе көтерді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 9 қаңтар, 2023

Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуынан «Шардара» су қоймасына тасталған су мөлшері көбеюде. Соңғы күндері су қоймасына орташа есеппен 1500 м3/сек не тәулігіне 42 млн. м3 су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1011 м3/сек су босатылуда. Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғып, көктемгі тасқын су апаттық жағдайдың болу тәуекелділігін арттырады. Су шаруашылығы саласының мамандары стратегиялық маңызы бар «Шардара» су қоймасындағы қауіпке Үкімет назарын аударуы қажет айтып, дабыл қақты. Кезек күттірмейтін мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Оған «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Маханбет Жазықбаев, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Күлән Қожамқұлова, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазбек Бедебаев қатысты. Облыс әкімі маңызды мәселеге қатысты сараптау жүргізуді тапсырды.
Сырдария өзенінің бойында орналасқан «Шардара» су қоймасы жарты ғасырдан асам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Су қойманың жалпы көлемі – 5200 млн.м3. Су қоймада қазіргі таңда 4 млн.м3 астам су бар. Көксарай су реттегішіндегі су көлемі де артқан. «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай орын алған жағдайда су қойманың төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар.


Осыған байланысты «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының басшылығы бірнеше ұсыныс көтерді. Сала мамандары Түркістан облысында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатерлерінің алдын алу үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне наурыз айына дейін «Шардара» су қоймасының толуын 70 % -дан (3 600 млн.м3) асырмау және «Көксарай» су қоймасын 1600 млн.м3 асырмау жөн деп санайды. Қауіптің алдын алу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан мәселені мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешуге ықпал жасаудың маңыздылығын алға тартты. Су шаруашылығы саласының мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу жөнінде Үкімет деңгейінде штаб құрудың маңыздылығын көтерді. Аталған мәселелер бойынша Үкімет пен тиісті министрлікке хат жолданды.


Басқосуда су астында қалған Мақтаарал ауданындағы жағдай айтылды. Мәселен екі-үш жыл бұрын жарылған Сардоба су қоймасына 900 млн. текше метр су жиналса, «Шардара» су қоймасының көлемі одан 5-6 есе үлкен. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасының жанынан апатты су қашыртқы салынуы қажет.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.