Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті
Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында Арыс қаласындағы - Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы - Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы - Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы - Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданындағы - Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы - Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, Отырар ауданындағы - Қарғалы ауылы және Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері, Төлеби ауданындағы - Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері, сондай-ақ Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.
![](https://turkistan.today/uploads/images/202404/image_750x_660cff8288ed4.jpg)
Бұл ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынып отыр. Соның арқасында аталған ауылдарда қылмыс азайып, жастардың салауатты өмір салтына, спортқа қызығушылығы артқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?