Түркістан облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 18 тамыз, 2023


Облысқа жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі - 1 млн 21,3 мың тонна. Оның ішінде бюджеттік ұйымдарға – 140,2 мың тонна; жылу беретін кәсіпорындарға – 129,7 мың тонна; жеке тұрғындарға - 468,5 мың тонна; жылыжайларға – 282,9 мың тонна, деп хабарлайды Turkistan Today.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ң мәліметі бойынша, осы жылдың 1 мамыр-14 тамыз аралығында облысқа 178 мың тонна көмір жеткізілген. Көмір вагондары аймаққа тұрақты түрде келуде. 


Өңірлік операторлардың ақпаратына сәйкес, қазір сақтау қоймаларында 134,3 мың тонна көмір қоры бар. Бүгінгі таңда Шұбаркөл көмірінің орта бағасы сортына (фракциясы) қарай тоннасы – 15-20 мың теңге аралығында. Ал алшақ елді мекендерді жеткізу құнымен есептегенде көмір бағасына тоннасына 18-24 мың теңгеге дейін барады. 


Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалдаумен облыста 16 өңірлік оператор айналысады. Өңірлік операторлар аудан, қала әкімдіктерімен анықталған. Ескерте кететіні, баға арзан әрі қажеттілік аз кезде алдын ала қамданып көмірді алып алған жөн. Себебі, күз-қыс айларында көмірге қажеттілік күрт өсіп, алып-сатарлар бағаны шарықтатып жіберуі мүмкін.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

636

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.