Түркістан облысының спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Түркістан облысының спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Түркістан облысында жыл сайын спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жастардың спортпен айналысуына да мол мүмкіндіктер қарастырылған. Аудан-ауылдан шыққан өрендер ел намысын әлемдік додаларда қорғап, жетістіктерге жетіп жатыр. Атап айтсақ, Келес спорт клубының жаттықтырушысы Досбол Ережеп Латвия мемлекетінің Даугавпилс қаласында спорттың «Combat Ju-jutsu» түрінен өткен байрақты бәсекеде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Turkistan Today.


Келестік спортшы бірінші жекпе-жегін Өзбекстан елінің спортшысына қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екінші жекпе-жегінде Польша елінің намысын қорғаған спортшыны тізе бүктірді. Кейін испаниялықты жеңіп, чемпионаттың финалына шықты. Байрақты бәсекенің финалында украиндық спортшыны жеңіп жеңімпаз атанып отыр.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0