Түркістан: Ордабасы ауданында қыста да құлпынай өсіріліп жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 15 желтоқсан, 2023

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекені “Нұр Айша”  шаруа қожалығы 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Шаруа қожалығының төрағасы  – Әлеуханов Мұхтар, деп хабарлайды Turkistan Today.


«Шаруа қожалығында құлпынай өсіріледі. Бұл өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Әсіресе мереке қарсаңында кондитер өнімін өндіретіндер тарапынан тапсырыс көп. Осыдан 10-15 жыл бұрын қыс мезгілінде піскен қызанақ пен қиярдың бағасы  қымбат болатын. Әрі оларды көп еге алмаушы еді. Өйткені, тұтынушылар  «тек дәрімен піскен» деп сатып ала  бермейтін. Қазір кез келген көкөністі дәрісіз-ақ өсіруге болатынын білеміз. Сондықтан сақылдаған сары аязда да көкөніс жеп отыратындар бар», дейді ол. 


«Нұр Айша» шаруа қожалығы  осы жылы құлпынай егуді бастаған. Бастапқыда қызанақ, қияр егуден бастаған шаруа қожалық қазіргі уақытта аз көлемде ексе де,  істің қыр-сырын  терең меңгеріп алған соң, құлпынайды  жылыжайда  егуді қолға алыпты. 


Қазір жылыжайда 20 адамды жұмыспен қамтуда. 1,5 гектар жерден 50-60 тонна құлпынай өнімін алу жоспарда екен. Өнімді қыс айларында жинау жоспарланған. Егілген «Alba» сорты суыққа төзімді.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

533

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.