Ордабасы ауданында Наурызнаманың бесінші күні - Ұлттық киім күніне орай тарихи, мәдени және киелі орындарға экскурсия жасалды,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда аудан тұрғындары ұлттық нақышта киім киіп, Ордабасы тауына барды. Экскурсия өңірдің рухани-мәдени құндылықтарымен таныстыру мақсатында өтті.
Айта кетсек, елімізде биыл Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі жарияланған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.