Түркістан: Ордабасылық дәрігерлер “Таза Қазақстан” акциясына үлес қосты

Түркістан: Ордабасылық дәрігерлер “Таза Қазақстан” акциясына үлес қосты

Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталған болатын,- деп хабарлайды Turkistan.today.

Осы орайда Түркістан облысында «Таза өлке» апталығы басталып, аудан-қалаларды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Апталық аясында ордабасылық медицина саласының қызметкерлері сенбілік өткізіп, емхана ауласына 1 000-нан астам гүл отырғызды.  

Сонымен қатар, бүгінде аудан бойынша акция аясында ағаш көшеттері егілуде. Одан бөлек, әр ауыл округте тазалық, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл - ауылдардың жасыл белдеуге айналып, таза ауаға оң әсер етері сөзсіз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0