Түркістан: Отырарда мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар саны артып келеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 7 қыркүйек, 2023


Бүгінде Отырар ауданында мемлекет тарапынан түрлі бағытта арнайы бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары артып келеді. Соның бірі аудандағы Қарғалы ауыл округінің тұрғыны Айдар Жүнісбай. Ол жеке кәсіпкер ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 миллион теңге несие алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы алты бұзаулы сиыр сатып алған, деп хабарлайды Turkistan Today.


Кәсіпкердің айтуынша, ол мемлекеттік бағдарламаның арқасында жеке кәсіп ашып, біршама табыс тапқан. Қазіргі таңда әрбір сиырдан күніне 10-15 литр сүт алады. Алдағы уақытта сүт өнімдерінен құрт, май, ірімшік секілді өнімдерді өндіруді көздеп отыр.


Айта кетсек, аталған бағдарлама аясында Қарғалы ауыл округінің 47 азаматы өз кәсіптерін қолға алу мақсатында «Ырыс» МҚҰ-на ұсыныс берсе, қазіргі таңда 25 азаматтың өтініші мақұлданып, оларға 132 миллион теңге қаражат берілген. 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

612

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.