Түркістанда азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жалғасуда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 3 қазан, 2023

Түркістан қаласында жалпы 25 ірі супер маркет, 3 көтерме сауда орны (Алтын бұлақ, Барлық, ЭкоБазар) және 187 дүкен бар.

Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында – 30 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ 4 ірі сауда орталықтарында (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Шапағат) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тұрақты сатылымға қойылып, 30 дүкенде әлеуметтік бұрыштар жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін 20 әлеуметтік дүкен құрылысы салынып, жалпы санын 50-ге жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Turkistan Today.

Шаһарда азық-түліктерді бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемеақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Аталған дүкендер келісімді бұзған жағдайда заң аясында шара көріледі.

Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бергі көрсеткіштер бойынша  187 шағын дүкенде, 4 ірі сауда орталығында, 20 әлеуметтік дүкенге бақылау жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

760

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.