Түркістанда мәслихат төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 2 наурыз, 2024

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов Шымкент қаласындағы облыстық мәслихаттың өкілдігінде Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымымен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today.

Кездесуге облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының міндетін атқарушы А.Өтегенова және осы мекемеде жұмыс жасайтын өңірімізге белгілі мәдениет саласының қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында облыстық филармония ұжымының өтініші бойынша оларды Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіргенде арнайы ғимаратпен және пәтерлермен қамту мәселесі талқыланды.



Бұл ретте, мәдениет саласының қайраткерлері Түркістанда пәтер жалдап тұру ауырға соғатындықтарын жеткізе отырып, осы мәселені оңтайлы шешуді сұрады.


Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов облыстық филармония ұжымын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары әзірге тоқтатылып, алдағы уақытта пәтер және ғимарат мәселелері толыққанды шешілгеннен соң кезең-кезеңімен көшірілетіндіктерін жеткізді.
Сонымен қатар, бүгінде филармония ұжымын орналастыруға ғимарат және пәтер бөлу  мәселелерін шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.


Өз кезегінде, филармония ұжымы пәтер мәселесі шешілгенге дейін Шымкент қаласында жұмыс жасау туралы шешіммен келісетіндіктерін жеткізді.
Айта кетсек, 60 жылдан астам тарихы бар облыстық филармония ұжымының штат саны 247, оның 169-ы шығармашылық қызметкерлер болып табылады.
 
Түркістан облыстық мәслихаты

701

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.