Түркістандық ару өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионы атанған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 20 қазан, 2023

Түркістанда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионы атанған Айдана Тұрсын облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейді. Ол 17 жасынан бастап жеңіл атлетикамен айналысады. 
Алғаш рет құтқарушылар арасындағы ел біріншілігінде топ жарған. Былтыр Өзбекстанның Самарқанд қаласында әлем чемпионы атанды. Ал биыл Түркияда өткен жарыста кедергісі бар 100 метр қашықтықты 16 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын иеленген. Сол бәсекеде 2-қабатқа 7 секундта сатымен көтеріліп, Қазақстан рекордын жаңартып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.


Жас құтқарушы ерлермен иық тірестіре жаттығу жасап, шеберлігін шыңдайды. Оның Түркияда өткен әлем чемпионатында 2-қабатқа сатымен көтерілген сәті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, «Өрмекші қыз» деген лақап атпен көпшілікке танымал.


- Адамда бірінші кезекте тәртіп, одан кейін алдында мақсаты болуы керек. Мақсаты болған кезде барлығына уақыт табылады. Әлеуметтік желілерде Түркияда өткен жарыстың бейнесі арқылы көпшілік «Өрмекші қыз» деп танып жатады. Бұл маған шабыт сыйлайды, - дейді Айдана Тұрсын. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

736

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.