Түркістаннан БАӘ-ге ет экспортталады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 29 ақпан, 2024

Дубайда Қазақстанда жасалған өнімдер таныстырылатын  Қазақстан сауда үйі ашылды,- деп хабарлайды turkistan.today.

Іс-шараға ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған бизнес-делегация қатысты. 

Бұл орталық Қазақстан мен БАӘ бизнес-ортасын біріктіріп, сауда көлемін көбейтетін негізгі орталық болмақ. 

БАӘ мен Қазақстан бизнес өкілдерінің 
іскерлік кездесуінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жайы талқыланды. Әмірліктер Қазақстанның ет өнімдеріне сұраныс білдіруде. Ал Түркістан облысы ет өнімін экспортқа шығару бойынша республикада алдыңғы орында тұр. 

Облыстағы ірі қара мал етінің үлесі – 80%, ұсақ мал  75%-ды құрайды. 11 мың тонна ірі қара мал, 5 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.  

БАӘ-ге ет экспорттау бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың қатысуымен БАӘ-нің ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі және «AlphaSky» авиакомпаниясы мен «Түркістан ет комбинаты» ЖШС  арасында арнайы келіссөз жүргізілді. 

Келісөзде екі ел арасындағы тауар айналымын жақсарту, ет және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару жайы талқыланды. Түркістан облысы тауарларын Бірікен Араб Әмірлігіне жеткізу жолдары қаралды.


«Түркістан ет комбинаты» ЖШС жылына 15 мың тонна ет өндіреді. Қазіргі таңда  облысты етпен  қамтып, Өзбекстанға экспорттауда. Дубайдағы келіссөздер нәтижесін берсе, облыста шығарылатын ет БАӘ-не экспортталады. 

Айта кетсек, өткен жылы Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 329 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорт 210 миллионнан асса, Әмірліктер біздің елге шамамен 119 миллион доллардың тауарын жөнелткен. Сауда-экономикалық әлеует жоғары, елдер сауда көлемін 1 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отыр. 2 күндік келіссөздер нәтижесінде тараптар 28 миллион 650 мың доллардың келісіміне қол қойды.

527

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.