«Үш ұлымның анасы»: Шаһизаданың өзінен 18 жас кіші жігіті желіде басқа әйелінің суретін жариялады (фото)

«Үш ұлымның анасы»: Шаһизаданың өзінен 18 жас кіші жігіті желіде басқа әйелінің суретін жариялады (фото)

Танымал әнші Шаһизада өзінен 18 жас кіші өнер иесі Ерболат Ержанбаевпен бас қосып, оны халыққа сүйіктісі ретінде таныстырған болатын. Кейін Ержанбаев өзіне үш ұл сыйлаған әйелінің суретін жариялап, көпшілікті ойлантып қойды, деп Turkistan Today хабарлайды KAZ.NUR.KZ дереккөзіне сүйене отырып.

«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі — Мереке, елі — Қоңырат Құлшығаш ( Шымкент сити ). Біз бақытты жандармыз, Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы», — деп жазды Ерболат Ержанбаев. Осылайша, Ержанбаев әйеліне жаңа ән арнап, видео түсіріп үлгерген. Әншінің бұл қадамын көрермендер мен оқырмандар түсіне алар емес.

Көпшілік жақында Шаһизадамен бірге жүріп, телеарна эфирінен бірге ән айтып, көпшілік алдында сезімін білдірген Ерболатқа өкпесін айтуда. 

«Шахизадаң 60-та, өз әйел бала шағаңа ешкім жетпейді. Алғашқы бақ — нағыз бақ, одан кейінгі өмір бойы саған дақ. Мына істегенің ер жігітке жараспайды. Шахизадаң да, сен де ән салмай-ақ қойыңдаршы, жиіркенішті»; «Шахизадаң қайда? Махаббатарың бітті ма?»; «Ойнап болса да олай жасауға болмайды.

Жас бала емессің…Қанша жерден келісіп жасасаң да ұят тірлік…Содан атың шығып, керемет боп кетсең де», — деп жазды желі қолданушылары. Айта кетелік, Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев «Қыздар-ай» жобасында қонақ болып, бір-біріне ғашықтық сезімдерін білдірген болатын. Өзінен 18 жас кіші жігітпен көңіл қосқан Шаһизада өзін қазақтың Алла Пугачевасы деп атаған еді.

Ерболат Ержанбаев сүйіктісі Мерекемен. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0