Солтүстік Қазақстан облысына Әзербайжаннан алғашқы студенттер тобы келіп, Петропавлдағы Kozybayev University-де білім алуға дайындала бастады. Биыл университетте Әзербайжанның 100-ден астам азаматын оқыту жоспарланып отыр. Бұл туралы Turkistan.today хабарлайды.
Алғашқы топ құрамында 32 студент бар. Олар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылданған.
Шетелдік студенттер қаржы, экономика, химия, инженерия және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша білім алады.
Әзербайжандық талапкерлердің Қазақстан жоғары оқу орындарына қызығушылығының артуына Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып жатқан «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру жобасы ықпал етіп отыр.
Осы жоба аясында Kozybayev University өкілдері Әзербайжанға екі рет барған. Университет мамандары 2025 жылдың наурызында және 2026 жылдың мамырында Бакуде өткен «Study in Kazakhstan» көрмелеріне қатысып, талапкерлер мен олардың ата-аналарына Қазақстандағы жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары, түсу талаптары және түлектердің мансаптық мүмкіндіктері туралы ақпарат берген.
Университет басшылығының мәліметінше, жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде Әзербайжан азаматтарының Қазақстанда білім алуға қызығушылығы артқан.
Шетелдік студенттердің келуі Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.