Esil University-де Қазақстанның экономикалық саясаты мен тұрақты дамуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Esil University қабырғасында экономикалық саясат пен орнықты даму мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Іс-шара экономика ғылымдарының докторы, профессор және қоғам қайраткері Берік Бейсенғалиевтің 60 жылдық мерейтойына орай өтті.
Конференция барысында сарапшылар Қазақстан экономикасының қазіргі сын-қатерлерін, ұзақ мерзімді даму бағыттарын және ұлттық ресурстарды тиімді басқару тетіктерін талқылады.
Пленарлық отырыста Budapest Metropolitan University профессоры Ласло Ваша көлік инфрақұрылымы мен экономикалық дәліздерді дамыту елдің тұрақты экономикалық өсіміне серпін беретін маңызды фактор екенін атап өтті.
Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Иван Потравный тау-кен өндірісіндегі қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар ол Қазақстан, Ресей және Моңғолия арасындағы ынтымақтастық перспективаларын сөз етті.
Esil University жанындағы Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры Дмитрий Улыбышев ұлттық ресурстарды басқарудағы стратегиялық жоспарлаудың маңызын атап өтті.
Конференция жұмысы секциялық отырыстармен жалғасып, онда экономикалық саясаттың практикалық қырлары мен нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері қаралды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.