Жұрт Төреғалиды сағынып қалыпты (Видео)

Жұрт Төреғалиды сағынып қалыпты (Видео)

Әнші Төреғали Төреәлінің әлеуметтік желіде тойда жүрген видеосы тарады. Автор «Халық Төрешті сағынып қалыпты», — деп жазыпты. Видеодан той қонақтарының Төреғали Төреәлінің қолын алып, бетінен сүйіп мәз болып билеп жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды Turkistan Today.


Әнші Төреғали Төреәлінің әлеуметтік желіде тойда жүрген видеосы тарады. Автор «Халық Төрешті сағынып қалыпты», — деп жазыпты. Видеодан той қонақтарының Төреғали Төреәлінің қолын алып, бетінен сүйіп мәз болып билеп жүргенін байқауға болады. Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні қолдап жатса, енді біреулері оған қарсы пікірлерін жазып жатты.

Олар: «Не істесе де, аңқау қазағым бәрін кешірейін деп тұр ғой», «Әр үйде бір тентек болады», «Менттер не ұтты? Бұл тентек өзгермейді», «Керемет», «Нашақордың өлеңдерін тыңдағым келмейді», «Келесі сұмдығына дайын болайық», «Оңбайтын адамсың ғой Төреш», — деп ойларын ортаға салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
1
wow
0