«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығында Созақ ауданындағы киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Аудандағы Жартытөбе ауылдық округінің мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары акцияға белсенді түрде қатысуда. Атқарылған жұмыстар барысында Бабата елді мекенінде орналасқан Ысқақ баб кесенесінің қоршаулары ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Сонымен қатар, аумақтағы саябақтар мен балалар ойын алаңшалары, көпірлер мен қоқыс полигоны ретке келтірілді. Акция басталғалы бері Жартытөбе ауылында 1 500-ден астам қара тал мен 100 түп арша ағашының көшеттері отырғызылды. Бұдан бөлек, аудандағы 22 балалар және 18 спорт алаңшалары ретке келтіріліп, 485 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында әлеуметтік нысандар мен саябақтарға жалпы саны 25 000 түп тал көшеттері отырғызылған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.