"17 жасар қызға үйлендім". Мейрамбек Беспаев қандай күйеу бала екенін айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 28 желтоқсан, 2023

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында отбасын құрғанына 20 жыл толатынын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл отбасы құрғанымызға 20 жыл толады. Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортағы сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні ұшып келдім Астанадан. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалық, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. “Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын, – дейді әнші. 

Сондай-ақ, әнші жұбайы Мархабат екеуі 16 жасар Кәусар мен 2 жастағы Абухайырды тәрбиелеп отырғанын атап өтті. 

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.