Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Арнайы құрылған топпен табиғатқа залал келтіріп, тау-тасты заңсыз пайдаланатындарды анықтауда Сайрам, Шардара, Арыс, Отырар және Келес аудандарында жүйелі жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері Сайрам ауданында 5, Арыс ауданында 3, Келес ауданында 4, Шардара ауданында 1 деректі анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты іс құжаттары жинақталып, ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы «Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бойынша жауапкершілікке тарту үшін, Экология департаментіне жолданды.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар шағал қиыршық тастарды жүк көліктеріне артып, алып кетпек болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында табиғатқа зиян келтіре алмады. Заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.