Түркістан облысының 4 ауданында әкім сайлауы өтіп жатыр. Бүгін Түркістан облысындағы Созақ, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтуде, деп хабарлайды Turkistan Today.
Президент Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауында елімізде пилоттық режимде аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды өткізуді ұсынған болатын.
Осы ретте Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңірдегі әкім сайлауы өтетін аудандар белгіленді.
Өңірлердегі сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны орындалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Учаскелерде алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыс етілді.
Созақ ауданында 35 715 азамат сайлау құқығына ие. Ал, Мақтаарал ауданында 70 648, Бәйдібек ауданында 28 807, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы бар.
Барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камералары мен басқа да арнайы құрал жабдықтармен толық қамтылған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.