7 партия мәжілістің 69 мандаты үшін саяси додаға түседі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 10 ақпан, 2023

7 партия Мәжілістің 69 мандаты үшін саяси додаға түседі, деп хабарлайды Turkistan Today.


«Тіркелген барлық 7 саяси партия Парламент Мәжілісінің 69 мандаты үшін саяси додаға қатысатын болады. Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың тізімдерінде «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген 30 пайыздық квота толығымен ескерілді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін комиссия отырысында.


Оның дерегінше, Мәжіліс депутаты сайлауында 29 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 609 кандидат ұсынылған.


«Жалпы республика бойынша әр сайлау округіне орташа бәсекелестік 21 кандидатты құрайды. Ең жоғарғы бәсекелестік Астана қаласының 2 сайлау округінің әрқайсысы бойынша 63 кандидаттан. Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысының сайлау округі бойынша 6 адам бір мандатқа», - деді комиссия төрағасы.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.