Реклама
Серіктестер

Қазақстан мен Әзербайжан мәдени-гуманитарлық әріптестікті кеңейтуді көздейді

Орталық Азия 20 қараша, 2026

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Алимирзамин Аскеровпен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар мәдениет, музей саласы, бұқаралық ақпарат құралдары және креативті индустрия бағыттарындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын қарастырды.

Арман Қырықбаев Алимирзамин Аскеровті дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тарихи сабақтастық пен бауырластық қарым-қатынастар екіжақты әріптестіктің маңызды тірегі екенін атап өтті.

Келіссөздерде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге басымдық берілді. Атап айтқанда, Қазақстан мен Әзербайжанның мәдениет күндерін ұйымдастыру, музейлер арасында байланыс орнату, көрме жобаларын өткізу және шығармашылық индустрия саласында тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар тараптар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2025 жылғы қазанда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады. Осы бағыттағы маңызды міндеттердің бірі – 2026–2028 жылдарға арналған мәдени ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.