75 жаңа жедел жәрдем автокөлігі ел игілігіне қызмет етеді

75 жаңа жедел жәрдем автокөлігі ел игілігіне қызмет етеді
Түркістан облысында жедел медициналық жәрдем қызметін шақырту өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ға ұлғайған. 2022 жылы - 645 мыңнан асса, 2023 жылы - 685 мыңды құрап отыр. Қазіргі таңда 214 бригада жұмыс істейді. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, дәрігерлерді, облыс тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Өңірдегі медициналық ұйымдарға 75 дана жедел жәрдем санитариялық автокөліктері тарту етілді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды табыстаған жаңа автокөліктердің кілттері аудан, қалалардағы емханалар мен облыстық медициналық ұйымдарға табысталды. Бұл көліктер Жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчеріне келіп шақыртулардың 4-ші санатын яғни науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін пациенттің ахуалын қамтамасыз ететін болады. Құттықтаймыз! Бұл біз үшін өте маңызды сәт.

Инфрақұрылымды дамытуға келер болсақ, тағы да жағымды хабарымыз бар. Түркістан өңірінде 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның 18-і тұрғындарға қолданысқа тапсырылмақ. 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, жалпы 49 ғимарат салынады.

Мұның бәрі ұлт саулығы, азаматтарымызға медициналық қызметтерге қолжетімділігін оңтайландыру және сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Денсаулық ұйымдарды материалдық-техникалық базамен және заманауи құрал-жабдықтармен қамту жайы одан әрі күшейтіледі. Алдағы уақытта шалғайдағы елді мекендерді толық қамтуды жоспарлаудамыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0