Адамзат ертеңі-таза энергетика

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 28 желтоқсан, 2023

Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. 

Жолдауда:
«2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз»,- деді Тоқаев.

Ал оны үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптар енгізілмек. Тиісінше энергияны тұтыну көлемі азаюы қажет.Яғни бүгіндей заманда суды үнемді пайдалану өте маңызды. Сол үшін үкімет энергетикалық тиімділік саясатын қайта қарауды тапсырды.
Бұдан бөлек газдың қолжетімді бағамен сатылуы да сөз болды. Компанияларға тиісті тапсырма да берілді. Дегенмен электр қуаты, жылу және суды үнемді пайдалануды да ұмытпаған жөн.

 Біз осы отанымыздың бір бөлшегіміз. Сол себепті барлық кезде бірге екенімізді есте сақтай отырып, заң талаптарына да бағынуды ұмытпағанымыз жөн деп ойлаймын.Сонда ғана еліміздің ертеңіне сүрінбей жетіп,дамуына деген мүмкіндіктерді арттыра аламыз.Түйіндер болсақ, еліміздің ертеңі біздер екенімізді ұмытпастан, қандай жағдай болмасын біздер еліміздің амандығына ,  көркеюіне , дамуына жауапкершілікті  сезіне отырып әрекет жасауға тиіспіз.Еліміздің амандығы-еліміздің көркеюінің кепілі екенін есте ұстайық.Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай.

Әйгерім КЕРІМБЕКОВА,

Сарыағаш Жастар Ресурстық Орталығы басшысы

761

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.