АЭС салу еліміздің энергия мүмкіндіктерін арттыратын жаңа бағыт

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Жаңалықтар 14 қыркүйек, 2024

АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық түсіну қажет

АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері дамыған державалар жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алды,- деп хабарлайды turkistan.today

Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін арттыру көзделуде. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық түсіну қажет.

Ресейлік осы саланың ғалымы Р.Алиев АЭС-тегі жағдайды авиациялық жағ­даймен салыстырып, түсі­нікті мысал көрсеткен еді. Әуе кемесіндегі орын алған апат туралы барлығы естіп-білгенмен, күнде қаншама рейс ұшырылады. Сонда да ұшақ ең қауіпсіз көлік түріне айналған.

АЭС-тен бас тартқан елдерде осы мәселеге қатысты қорқыныш әлі де бар. Мысалы, Чернобыльде болған жағдайдан кейін Италия АЭС құрылысына тыйым сал­ған. Ал Фукусима апатынан кейін Жапония елдегі көптеген стансаның жұмысын тоқтатты. Германия да атомнан бас тартты. Бірақ Ресей, Қытай, Франция, АҚШ елі әлі күнге дейін АЭС құрылысын жалғастырып, олар­ды пайдалануға ерекше ұмты­лып отыр.

Ұлыбританияда жаңа 20 энергетикалық блок салу жоспарланған, жаппай электр мобильге көшу мәселесі қолға алды. Елімізде баламалы энергия көздерін өндіруге ниетті. Сондықтанда бұл мәселе ел талқысына түсіп, 6 қазанда өтетін референдумда өз шешімін таппақ.

 

Нұрлан Ахметов    
Экология ҒЗИ басшысы

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.