Шоу бизнестегі жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша Алматыдағы зәулім үйінде енді өздері ғана тұрмайды. Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітов Алматыға ата-анасын алдыртып жатыр. Айбектің анасы — елімізге белгілі ақын Айша Көпжасарова ақындар қаласына көшетінін айтып, жамбылдықтарға шай берді. Ауызашар түріндегі басқосуда республикаға белгілі ақын, жазушылар қатысты, деп Turkistan Today хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Айша Көпжасарова бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан. Басқосуға келген ақынның әріптестері Алматыға қоныс аударып бара жатқан отбасына ізгі тілектерін жаудырды. Айша Көпжасарова берген ауызашар.
Фото: KAZ.NUR.KZ/
Дана Мұхарбек Айша әжей жары Бекжігіт Жансейітов екеуі туған қаласын қимайтынын айтады. «Дегенмен Айбектің қолында Аиша келініммен тұратын болдым», — деп қуанып отыр қарт ана. «Тал бесігім – Таразым» деп жырлаған ақын қоныс аудару себебін жасының келгенімен, ата-енесінің өмірден қайтқанымен байланыстырады. Сол үшін қоныс аударар алдында тараздық элитаны жиып, құдайы тамақ берген. Айша Көпжасарова қонақтары, ұл-қызымен дастархан басында.
Фото: KAZ.NUR.KZ
/Дана Мұхарбек Жамбылдықтармен қоштасу кешінде ақынның Айжан есімді суретші қызы (блогер Әсел Асқардың анасы) мен орыс тілінде прозалық шығармалар жазатын Айдар есімі ұлы да болды. Айта кетейік, бүгінде ақынның кенже ұлы Айбек Жансейітов анасының сөзіне жазылған «Мекенім – Қазақстан», «Туған жер» атты және тағы басқа әндерді орындап жүр. Айша Көпжасарова мен Бекжігіт Жансейітовтың жас күні.
Фото: Отбасының жеке мұрағатынан
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.