Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда. Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында Әліхан Амантаев бастаған отбасы мүшелері түгелдей келіп №401 сайлау учаскесінде өз кандидаттарына дауыс берді, деп хабарлайды Turkistan Today.
Отағасы Мақтаарал ауданындағы қордаланған мәселелерді істің көзін білетін басшыны таңдау арқылы шешуге болатынын тілге тиек етті. Әліхан Амантаевтың отбасында дауыс беру құқығына ие жалпы 4 азамат бар. Алдағы уақытта немерелерін де саяси белсенді етіп тәрбиелеуді ниет етіп отырғанын айтты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.