«Актер емес анекдот айтқыштар». Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовты сынға алды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 21 маусым, 2023

Танымал актер, “Бауыржан шоу” театрының негізін қалаған Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовты сынның астына алды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Әуелі «Тамаша» сахнасы арқылы танылып, кейін «Бауыржан шоу» деген  жеке театр ашқан, актер Бауыржан Ибрагимов өнердегі інісі  Тұрсынбек Қабатовты сынға алды.

«Уақыт көрсетеді» бағдарламасында жүргізуші «Тұрсынбек Қабатов сын көтеретін азамат па?» деп сұрады.

Ол сын көтере алмайды-ау. Қабатовты актер емес дегенім, ол кәсіби актер еместігін айтқаным. Мысалы, мен архитектураны бітіріп, өнер  хоббиім болса, онда өзімді ешқашан актермін деп айта алмас едім. Біз – дипломы бар кәсіби актерміз. Олар – КВН ойыншылары, анекдот айтатындар. Ол сахнаға шығады, өзінің тыңдарманы бар. Оған еш таласым жоқ. Бірақ ол актер емес. Біз образ істейтін актерміз. Бізді соған оқытқан. Мен бір татардың образын жасау үшін бір сағат бұрын келіп грим жасаймын, -дейді танымал актер.

Бауыржан Ибрагиов осы ретте Құдайберген Сұлтанбаевты еске алды. Марқұм Бейімбет Майлиннің «Апама айтамын» деген көрінісін қойғанда Құдайберген екі сағат грим істеген көрінеді.

15-20 минутсыз сахнадан кетпеймін. Оның басы бар, аяғы бар. Оны қазіргі жастар түсінбейді. Қабатовтың айтып жүрген әңгімелері 1982-83-жылдары оқуға түсейін деп жүргенде айтқан әзілдеріміз. Ал оқу бітірген соң біз образ жасайтын актерге айналдық, - дейді ол.

2.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.