Ақтөбелік депутат құмар ойынмен қоғам болып күресуге шақырды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 13 қазан, 2023

Мәжіліс депутаттары жыл сайын өңір-өңірді аралап, ел-жұртпен кездесетіні белгілі. Биыл еліміздегі саяси партиялардың депутаттары жинаған 40 мыңнан астам өзекті мәселе іріктеліп, Үкіметке жолданған болатын. Жақында Мәжілістің жалпы отырысында бір топ министр депутаттардың сұрағына ашық жауап берді. Оның ішінде «AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа құмар ойындарының мәселелері жөнінде қойған сұрағы көңілімнен шықты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Лудомания – бүгінгі қоғам дерті екенін мойындамасқа болмайды. Қазір оңай жолмен ақша тауып, құмар ойынға құныққан жастарымыз көбеюде. Депутат Нартай Сәрсенғалиевтың айтуынша, елімізде қазір 350 мыңнан астам азамат құмар ойынның құрығына түскен. 2019 жылмен салыстырғанда өткен жылы құмар ойындарына бәс тігу елімізде 40 есеге көбейіп отыр. 


Қазіргі таңда құмар ойындарға деген құштарлық патология, яғни психологиялық ауру ретінде қарас¬тырылады. Тіпті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құмар ойын¬¬дар мен компью¬тер ойындарына тәуелділер – нашақорлар мен маскүнемдер сияқты эмоционалды жандар екенін мойындады.


Құмар ойындардан келетін қауіптің орасан екені талай айтылып жүр. Мұндай ойын түрі заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады. Оған құныққан адам қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, тілдесу, тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Түрлі қаржы ұйымдарымен байланысып, отбасыларынан ажырап жатқан жандар да аз емес.


Қай қалада болмасын кез-келген дүкеннің алдында, үлкен сауда үйлерінде автоматтар көп. Бірен-сараны ғана құзырлы органдардың көзіне түскені болмаса, тексерілмей жатқаны қаншама. Заман ырғағымен онлайн ойын түрлері де өршіп келеді. Оларға тыйым салынбақ түгілі, жарнамаларына қатысты шектеу жоқ. Ұлттық спорт арналарында, интернетте, көшелерде де жарнамаларды кездестіруге болады. Бұл – біріне бизнес болса, біріне дерт, яғни қазақ қоғамының тамырын кесетін қасіретті әрекеттердің бірі. Тек қазақ қоғамы ғана емес, адамзаттың індеті деуге болады. Нартай Сәрсенғалиев келтірген дерек бойынша, өткен жылы 157 мыңнан астам қылмыс жасалса, соның 20 пайызы құмар ойнына құныққандардың мойнында. Ал суицид жасаған 3676 отандасымыздың әр бесіншісі лудомания дертіне шалдыққан деген дерек бар. Мәжіліс депутатының айтуы орынды. Құмар ойын бір адамның тағдырын құртпайды, бүтін отбасын бүлдіреді, балалар зардап шегеді. Ендеше, бұл дертпен қоғам болып күресуіміз қажет.


Осыған дейін ойын бизнестеріне мемлекеттік деңгейде тыйым салу мәселесін депутаттық сауал ретінде бірнеше рет көтердім. Алайда дертке тұсау салуға қазіргі заңның қауқары жетпей отыр. Ойын бизнесі туралы заңымыз 2007 жылы қабылданған. Оның ішіндегі нормалар бүгінгі таңдағы өзгерістерге жауап бере алмайды. Сондықтан да заңға түзетулер енгізуді жеделдету қажет. «AMANAT» партиясының депутаттары лудоманияға қарсы заң жобасын былтыр дайындап, Үкімет қарауына жіберді. Арада бір жыл уақыт өтті, түзетулерді енгізіп, жаңаша әрекет ететін уақыт болды емес пе?! 

Бабаларымыз: «Ойынға ойсыз құмар» деп текке айтпаған. Құмар ойын қазақ ұғымында болған емес. Бұлт дерт өршісе, жеңсік бермей кетуі мүмкін. Сондықтан уақытты созбағанымыз абзал.

Шынар ЕРШІЛІК, қалалық мәслихат депутаты.

4.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.