Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Президент Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қатысқан келіссөздер нәтижесінде 24 келісімге қол қойылды.
Астанадағы Ақорда резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөздер жүргізіп, оның нәтижесінде екі ел арасында 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
Құжаттар энергетика, ауыл шаруашылығы, аэроғарыш, цифрландыру, медицина, ғылым, электрондық сауда және медиа салаларындағы ынтымақтастықты қамтиды. Сондай-ақ, инвестицияларды қорғау және көтермелеу туралы, техникалық-экономикалық ынтымақтастық жөнінде маңызды үкіметаралық келісімдер жасалды.
Мемлекет басшысы Қытайды Қазақстанның сенімді әрі тату көршісі ретінде атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастың жаңа "алтын кезеңіне" енгенін мәлімдеді. Ал Си Цзиньпин қазақ халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдірді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.