Әлемде өлім-жітім көбеймек

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 22 мамыр, 2023

Әлемде қайтыс болу көрсеткіші көбеймек, деп хабарлайды Turkistan today.

ДДҰ мәліметінше, ковид пандемиясына дейінгі 2019 жылы 55,4 млн адам қайтыс болса, соның 55%-ы 10 негізгі себептердің біріне байланысты болған. Бұл он себеп аурулардың үш үлкен тобымен байланысты: жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт), тыныс алу органдарының аурулары (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары) және неонатальды патологиялық жағдайлар (жаңа туған нәрестелердің асфиксиясы және туу жарақаты, сепсис және нәрестелердің басқа да жұқпалы аурулары, сондай-ақ ерте туудың асқынуы).

Өз кезегінде, Our World in Data сарапшылары мәліметінге, қайтыс болу себептерінің ішінде бірінші орында жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары — 32,8%, екінші және үшінші орында қатерлі ісік және тыныс алу органдарының аурулары: тиісінше 17,8% және 7%. Асқорыту жүйесі аурулары (4,5%) және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (4,4%) да өлімнің негізгі себептері ретінде көрсетілген.

БҰҰ мәліметінше, 2020 жылы қайтыс болғандар саны бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9% өсіп, 63,2 млн адамға жеткен. 2021 жылы әлемде 69,2 млн адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,6% көп, оның ішінде 37,5 млн ер және 31,7 млн әйел адам.

Ескерту: 2020 және 2021 жылдары өлім санының мұндай жоғары өсуі көп жылдар ішінде алғаш рет байқалды, ал бұрын бұл көрсеткіш тіпті 2%-ға да жетпеген еді.

Онжылдықтарға бөлетін болсақ, жағдай былайша көрінеді: 2011–2020 жылдары қайтыс болғандар саны 567 млн адамды құрап, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда 6,5% өсті; 2001–2010 жылдары — 532,3 млн адам, 3,8% көбейген, 1991–2000 жылдары — 512,7 млн адам, 5,7% көбейген, 1981–1990 жылдары — 485,2 млн адам, 2% көбейген, 1971–1980 жылдары — 475,7 млн адам, бұл керісінше, алдыңғы онжылдықпен салыстырғанда 0,9% аз.

2021 жылы әлемде 1000 адамға шаққандағы қайтыс болу коэффициенті бір жыл бұрынғы 8,1-ден 8,8-ге жетті. Салыстыру үшін: ковидке дейінгі 2019 жылы коэффициент 7,5, 2010 жылы — 7,8, бірақ 2000 жылы — 8,5 болды, бұл пандемия болған 2020 жылмен салыстырғанда көп, бірақ 2021 жылға қарағанда аз.

Еуропада 1000 адамға шаққандағы өлім деңгейі ең жоғары болды, 13. Одан кейін Солтүстік Америка (9,5) және Африка (8,6). Латын Америкасы және Кариб бассейнінде бұл көрсеткіш 8,4, Азияда 8,1, мұхит елдерінде 6,5 болды.

2020 жылы барлық өңірлердегі көрсеткіштер 2021 жылмен салыстырғанда төмен болды.

Алдағы онжылдықтарда әлемде қайтыс болу көрсеткіші 2021–2030 жылдары 645,1 млн адамға, 2031–2040 жылдары 738,1 млн адамға, 2041–2050 жылдары 862,3 млн адамға, 2051–2060 жылдары 975,8 млн адамға, 2061–2070 жылдары және 2071–2080 жылдары 1,1 млрд адамға, 2081–2090 және 2091–2100 жылдары 1,2 млрд адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Бұл ретте, 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші болжам бойынша 2022 жылы 8,4 болса, 2030 жылы 7,9-ға дейін төмендеп, артынша қайта өспек: 2040 жылы 8,6, 2050 жылы 9,4, 2060 жылы 10,2, 2070 жылы 10,7, 2080 жылы 11,2, 2090 жылы 11,5, 2100 жылы 11,9 болмақ.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.