Атырауда оқу-жаттығу шарасы өтті

Фото: Atpress.kz
Фото: Atpress.kz
Қоғам 28 ақпан, 2025

 Атырауда оқу-жаттығу шарасы өтті, деп хабарлайды turkistan.today

Атыраудағы сауда орталығында құзырлы органдардың бірлесуімен оқу-жаттығу шарасы өткізілд. AtyrauPress сайты хабарлағандай, 24 ақпан күні Атырау қаласында Төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да құзырлы органдардың бірлесуімен ойын-сауық мекемесінде төтенше жағдайларға дайындық бойынша оқу-жаттығу шарасы өткізілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінен білгеніміздей, бұл дайындықтың мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде бірлескен әрекеттерді пысықтап, мекемедегі қауіпсіздікті арттыру.

- Сценарий бойынша Қ. Сәтпаев көшесінде орналасқан сауда орталығының екінші қабатында өрт шықты. Зардап шеккен екі адам құтқарылды. Департаменттен 17 техника, 70 жеке құрам қызмет етуде. Сондай-ақ полиция, жедел жәрдем қызметкерлері де бірлесіп осы оқу-жаттығуда жұмыс атқарудамыз,- деді Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Назарали Селимов.

Оқу-жаттығу аясында қатысушыларға өрт, эвакуация, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету бойынша арнайы сценарийлер ұсынылды. Құзырлы органдардың мамандары мен мекеме қызметкерлері арасындағы бірлескен жұмыстарды нығайту үшін әртүрлі жағдайлар назарға алынды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.