Шымкенттегі медициналық мекемелердің бірінің қабылдау бөлімінде екі ер адамның арасында дау туындап, ол төбелеске ұласты. Полиция оқиға орнына жедел жеткенімен, мекемеде жағдай біраз уақыт тұрақталмады,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қақтығыс кезінде бір азамат екіншісіне соққы беріп, оның бас сүйек-ми жарақатын алуына себеп болған. Жарақат алған адамға дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетті.
Куәгерлердің сөзінше, алғашқы соққыдан кейін айыпталушы ашуын баса алмай, полиция қызметкеріне де қоқан-лоқы көрсеткен.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.