Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен ел намысын қорғайтын Әлімхан Сыздықов дайындық барысы жайында айтты,- деп хабарлайды turkistan.today
Әсіресе, көрші елде өтетін бірлескен жаттығу жиынына ерекше тоқталып, келешекте Ресейден де асып түсе алатынымызды жеткізді. Бұл жөнінде ұлттық құрама өкілі «Спорт Министрі» YouTube арнасына берген сұхбатын мәлімдеді.
«Күрестегі шеберлік жағынан көрші елге жете аламыз. Жетпек түгелі, асып та кете аламыз. Біздің ұлттық құрамада өте талантты балуандар көп. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Біздің де уақытымыз келеді. Егер осы қарқыннан таймай, күресті жүйелі дамыта берсек, барлығынан асып түсерімізге сенімдімін" - деді Әлімхан Сыздықов.
Айта кетейік, еркін күрес және грек рим күресі шеберлері қазір Алматыда дайындалып жатыр. Бірер күннен кейін Ресейде өтетін жаттығу жиындарына аттанады. Күрес түрлерінен бас-аяғы 7 лицензиямыз бар. Яғни, грек-рим күресінен 4, ал, еркін күресте 3 балуанымыз Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Бас демеуші - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Серіктес - SportQory.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.