Алматы қаласына Түркістан өңірінен 400 тоннадан астам өнім жөнелтілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 6 қазан, 2023

Қазан айының 7-8 күндері Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылатын болады, деп хабарлайды Turkistan Today.


Айта кетерлігі, республикадағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Еліміздегі агроқұрылымдардың 33%-ы (80 мың) күнгей өңірде. Биыл 8 айдың көлемінде облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 506,2 млрд. теңгеге жетіп отыр. 


Бұдан өзге, салаға салынған инвестиция көлемі 50,4 млрд. теңгені құраған. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешен саласында биыл 10,6 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылып, 300-ге жуық жұмыс орындары ашылды. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

778

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.