Алматы облысы халқының табыс көзін арттыру AMANAT-тың басты міндеті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 20 ақпан, 2023

Алматы облысы – аграрлы аймақ. Өңір республикадағы ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін жалпы өнімнің 8,9 құрайды. Бүгінде аймақ халқының 84 пайыздан астамы ауылда тұрады. Ондағы негізгі проблема – жайылым жерлердің тапшылығы. Қазіргі таңда бұл тұрғыда 1,4 млн гектар аумақ жетіспейді. Бұл проблемалар «АMANAT» партиясының алдағы жоспарына енгізіліп, түбегейлі шешімін таппақ.

Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшесі Ерлан Нысанбаев, Жандарбек Әшімжанов, Бекзат Мырзахмет Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаракеремер ауылына барды. Онда мәдениет үйінде елдімекен тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Аудандық мәдениет үйінде өткізілген шара мақсаты – партияның 2027 жылға дейінгі жоспарын жіті жеткізіп, оның бағыттарын кеңінен насихаттау.

Бағдарламада экономиканың негізгі салаларын, оның ішінде өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс және туризмді дамыту көзделген. Бұл тұрғыда атқарылатын іс-шаралар өңір тұрғындарының табысын арттырып, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді.

Жиында алғашқы сөз тізгінін алған Ерлан Нысанбаев сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағына тоқталып, қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Айтуынша, партияның мақсат-міндеттері қоғамдық қабылдауларда, тұрғындардың өтініш-ұсыныстары негізінде құрылған. Сондықтан, халық мүддесі үшін қызмет етеді.

«Біз бар күш-жігерімізді өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағыттаймыз. Ет, сүт, балық өндіру бойынша жобаларды іске асыруға, сонымен қатар құс фабрикаларын салуға ниеттенген инвесторларға қолдау көрсетуге әзірміз. Іле, Талғар, Жамбыл аудандарындағы тозған суару жүйелері жаңартылады», − деді жиында сөз алған Ерлан Нысанбаев.

Партия алдағы бес жылда халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға баса назар салады. Негізінде тұрғындардың табыс көзін арттыруды көзделген.

«Жалпы, өңірде 2027 жылға дейін кемінде 175 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Орташа жалақы көлемі 397,7 мың теңгеге дейін өседі. Бұл жүйелі істер адамдардың өмір сүру сапасы мен жағдайын жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде әлеуметтік маңызды мәселелер түбегейлі шешіледі», − дейді штаб мүшесі Жандарбек Әшімжанов.

Жиында ауыл тұрғындары облыста алда жүзеге асатын оң өзгерістерді мұқият тыңдады. Өздерін толғандырған мәселелерді ашық айтып, ұсыныстарын жеткізді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.