Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен бір адам қаза болды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 2 тамыз, 2023

Алматыдағы көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қаза болды. Бұл туралы Turkistan Today Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Алатау ауданы Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайында болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде бес жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Барлығы 43 адам зардап шекті. Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде бес адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажет жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Зардап шеккен бір әйел қаза болды, — делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек берілді.

Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшамауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. Тұрғындар терезеден секіруге мәжбүр болған. 300 адам эвакуацияланып, 70 адам құтқарылды.

Сағат 18.46-да өрт сөндірілді.

969

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.