«Алтынай тәте жақтырмайды»: Иманбаева ұлын әкесімен не себепті араластырғанын айтты

«Алтынай тәте жақтырмайды»: Иманбаева ұлын әкесімен не себепті араластырғанын айтты

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева ұлының әкесі, бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіқалықов туралы айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ол алғашында өз баласын әкесімен араластырмауға, одан біржола айыруға тырысып, құжат та жинағанын айтты. Бірақ бұл шешімінен бас тартуға өз отбасындағы жайт себеп болған. Айтпақшы, "Ел арна" телеарнасындағы "Өмірдің өзі" бағдарламасында актрисаның өз ұлы Асылжан Сәбитұлы өзі алған.

Әкем мен шешемнің, туған інімнің өмірі өз баламды әкесінен айырмауыма сабақ болды. Мен де кезінде сені әкеңмен араластырмай, түгел әкелік құқығынан айырып, құжат жинаймын деген қадамдарға бардым. Сол кезде інім өмірі араласпаған әкесіне барған кезде сабақ деп қабылдады. Бұл – маған келген белгі. Баланы әкеден айыруға болмайды деген тоқтамға келдім. Анам әкеме деген қызғанышын білдіріп, араласқанымды іштей қаламай және әкемнің тек жаман қасиеттерін айтқаны сабақ болды, - дейді Айгүл Иманбаева. 

Ол анасы бала кезінде әкесіне деген қызғанышын білдіріп, араласқан іштей қаламай және әкесінің тек жаман қасиеттерін айтқаны сабақ болған көрінеді.

Мен саған барынша әкеңді жамандамауға тырыстым. Қатты бір ұрысқан кезде саған екі-үш рет "Әкең осындай" деп айтып, эмоциямның шыққанын жақсы білемін. Бірақ дәл анам маған кезінде айтқандай мен ондай қателік істедім деп ойламаймын.Сені қызғанған жоқпын. Өйткені мен ата-енемді - сенің ата-әжеңді күні бүгінге дейін сыйлаймын, жақсы көремін, жүрегіммен, өтірік емес. Ол кісілердің тек жақсылығын көргеннен кейін, ата-тегін жақсы білгеннен кейін шығар қызғаныш сезімі болмады, - дейді актриса.

Ол өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаева мен бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов бас қосқан кезде де ұлы мен әкесінің арасы алшақтап қалмас үшін, араластырудың жолын тапқан.

Қызғанбауға тырыстым, араласқаныңды қаладым, өзің қанша қаламағаныңмен де, қайта-қайта жіберіп тұрдым. Алтынайменен Сәбит тұрып жүрген кезде де барғың келмей жылап келетінсің. Сол кезде де "Папаң, папаң" деп қинап жіберетінмін. "Мама, Алтынай тәте жақтырмайды" деп жылап келетінсің. Сонда да сені әкеңе жақындата беруім қазіргі жеңісім сияқты көрінеді. Менің жүрегім тыныш, балам әкесіз емес, - дейді Айгүл Иманбаева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0