Танымал әнші Алтынай Жорабаева “Ұйқым келмейді” бағдарламасында еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Turkistan Today Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2017 жылы Алтынай Жорабаева інісі Талғат Жорабаевқа су жаңа темір тұлпар мінгізген болатын. Өнер иесі сұхбат барысында інісіне көлікті өзі емес жездесі Әлішердің сыйлағанын айтып, құпиясымен бөлісті.
“Еш жерде айтылмаған бір құпияны ашайын ба? Негізі ол көлікті мен емес, жолдасым алып берген. Ол кезде біз үйленбегенбіз. Мен тіпті басқа қалада жүрдім. Сонда маған Әлішер бума-бума доллар, Талғатты телефонға үңіліп қарап отырған суретін жіберді. “Талғатқа көлік алып бергім келіп тұр” деді. Мен не үшін екенін түсінбеймін. Талғаттың келіншегі арғын, Әлішер де арғын. Сөйтсем: “Менің болашақ жиенім жаурап қалмасын. Көлігінің жылытқышы бірде істейді, бірде істемейді. Жайлы көлікте жүрсін” деді маған. Содан маған кейін барып айтты. “Ел мен сенің әнші болғаныңа немесе ақшаңа қызықты деп ойлап қалады. Мейлі, сыртта әңгіме бәрібір айтылады. Тек сенің әке-шешең, бауырларың, туған-туыстарың мен туралы сондай ойда болмаса екен. Менің жағдайым өзіме де, Талғатқа көлік сыйлауға да жетеді” деді. Сол кезде өзінің бауырларына да бір-бір көлік алып беріп жүрген. Бәріміз бұл сыйлыққа таңғалдық. Талғат та жаңалығымен бөліскісі келіп: “Мен көлік туралы айтқым келіп тұр, бірақ айтсақ өсек болып кетеді. Сен сыйлады деп айтайықшы” деді. Міне, құпия ашылды”, – дейді өнер иесі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.