Қостанайлық кандидаттар Алтынсарин ауданы Силантьев ауылының мәдениет үйінің ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Кездесуде кандидат Серік Бектұрғанов партиялықбағдарламаның ұлттық мәдениетті қолдауға қатыстыбасымдықтары туралы айтып берді.
–«AMANAT» партиясы тарихи-мәдени мұраны сақтауға, облысымыздың көрнекті тумаларын танымал етуге, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және ұлттың мәденикодын сақтауға ықпал ететін болады. Осы мақсатта«AMANAT» партиясы 7 мәдениет нысанды жаңғыртатынболады. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін мәдениетнысандарының саны азаяды. Мәдени мұраны сақтаудаұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етілетін болады, - дедікандидат.
Сайлауалды бағдарламада 600 мың адамнан кем емесадамды мәдени іс-шаралармен қамту көзделген.
Сондай-ақ, көрнекті тұлғалардың мерейтойларынаорайластырылған кемінде 30 іс-шара өткізу жоспарланған.
–Алдағы 5 жылда «Ұлттық мұра» партиялық жобасыаясында қазақ мәдениеті мен өнерін жүйелі негізде қолдауғабағытталған 1 мыңнан астам іс-шара өткізу жолға қойылған, - деді кандидат С. Ещанов.
Сайлаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырды.
Жалпы, сайлаушылар партияның бастамасын қолдап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауындапартиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлауқорының қаражатынан төленді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.