AMANAT: Алматы облысында 2027 жылға дейін 63 жаңа мектеп салынады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 4 наурыз, 2023

Бүгін «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ләззат Тұрлашов, Дәулет Жарасбаев Еңбекшіқазақ ауданына табан тіреп, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Сапар барысында аймаққа қарасты Тескенсу ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп ұжымына саяси науқанның маңыздылығын жеткізіп, сайлауалды бағдарламамен жіті таныстырды.

Кандидаттардың сөзінше, алда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласындағы бастамаларысайлауалды бағдарламада жалғасын табады. Ұстаздар мәртебесі артып, оқушы орны тапшылығы жойылады. Шәкірттердің тегін аспен қамтылуы, жаңа білім ошақтарының бой көтеруі, тозған мекемелердің жаңартылуы көрініс табады.

«Облыста үшауысымды 52 мектеп бар. Сондықтан Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай және Қонаев қаласында 63 жаңа нысан салынады. Қолданысқа берілуімен 68,2 мың оқушы орны ашылады. 40-қа тарта білім беру мекемесіне сапалы күрделі жөндеу жүргізіледі. Тапшы мамандықтарда студенттер тегін білім алады. Жатақханалар бой көтереді», деді жиында ЛәззатТұрлашов.

Сонымен қатар, тұрғындар әлеуетін арттыру, туризм, экология, жол, жер саласындағы атқарылар жобалар талқыланды. Көпшілік партияның бастамаларына ризашылықтарын білдіріп, қолдайтындарын жеткізді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған«AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.