Бүгін «AMANAT» партиясы атынан Алматы облыстықмәслихаты депутаттығына үміткер Асқар СүлейменовАлматы мемлекеттік табиғи қорығы ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.
Нысанда 40-қа тартам маман табиғат байлығы мен аң-құстарды қорғауда қалтқысыз қызмет етіп жүр.
Талғар ауданындағы Мемлекеттік табиғи қорығының 90 жылдық тарихы бар. Қазірде нысан ЮНЕСКО-ныңБүкіләлемдік резерваттар желісіне енген. Мұнда 1440 өсімдік түрі өседі. Мыңнан аса жануар түрі мекендейді. Олардың қатарында ҚР Қызыл кітабына енгендер де бар.
Қорық ұжымымен кездесуде Асқар Сүлейменовқатысушыларға сайлауалды бағдарламаны таныстырды. «Аманат» партиясы Алматы облысының экологиялықмәселелерін шешуге күш салатынын жеткізді.
«Қазіргі таңда, өңір аумағында 50-ге тарта рұқсатетілмеген қоқыс үйінділері бар. Алдағы 5 жылда барлықзаңсыз полигондар жойылады. Қатты тұрмыстыққалдықтарды өңдеу үлесі 22-ден 40,2 пайызға дейінартады. Өңірдегі экологиялық жағдай жақсарады, Қонаевқаласындағы кәріз тазарту құрылыстарының тозупроблемасы толығымен шешіледі», − деді өз сөзінде.
Сонымен қатар, кандидат сайлауалды бағдарламаның өзгетармақтарын жіті түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуғабағытталғанын атап өтті. Тұрғындардың өмір сүру сапасынарттыру – жоспарға қойылған басты міндет екенін жеткізді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.