AMANAT: Алматы облысында 260 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 4 наурыз, 2023

Алматы облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бүгін Іле ауданы Ақши ауылында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ауылында Талғат Адамов, Ролан Нұрбаев тұрғындармен кездесті.

Кандидаттар «AMANAT» партиясының бес жылдық сайлауалды бағдарламасын таныстырып, азаматтарды алдағы сайлау күні партияны жақтап дауыс беруге шақырды. Тұрғындармен еркін форматта тілдесіп, оларды толғандырған сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті. Анықталғандай, шалғай жатқан ауылдарда жер, су, жол мәселесі өзекті. Кандидаттар бұл тұрғыда нақты іс-шаралар жоспары партияның алдағы міндеттерінің бірі.

«Біз «Жер аманаты» партиялық жобамыз шеңберінде 260 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан бос алқапты қайтаруды көздеп отырмыз. Бірінші кезекте ол жер мал жаю үшін беріледі. Субсидияларды бөлудің еркін, ашық және қолжетімді мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылады. 2027 жылға дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 1,2 есеге ұлғайтуды көздейміз. Ақши ауылы тұрғындарын қоса алғанда 15 мың адамды жұмыспен қамтимыз» , деді басқосуда Ролан Нұрбаев.

Мұнымен қоса, кандидаттар сөзінше өңірде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінеді. Газ тарту ісі қарқын алмақ. Осындай нақты жобаларды топтастырған сайлауалды бағдарлама халық қалауына қызмет етеді. Осылай деген үміткерлер қатысушыларды нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды.мектеп салынады

 

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.