AMANAT: Алматы облысында алдағы 5 жылда дәрігерлер тапшылығы жойылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 4 наурыз, 2023

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бүгін Талғар ауданы Нұра ауылдық округінде «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Билалдин Ушуров, Әсел Төлепбергенова тұрғындармен жүздесті. Кездесудің мақсаты – алдағы саяси науқанның маңыздылығын түсіндіру, сайлауалды бағдарламаны насихаттау.

Жиында аудан тұрғындарына партияның Алматы облысын өркендету бастамалары кеңінен түсіндірілді. Кандидаттардың ақпарынша, олардың орындалуы нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымының өзекті мәселелері шешіліп, медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардағы сапа жақсарады.

«Біздің мақсатымыз – тұрғындар амандығы. Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру арқылы өңірімізді дамытуға, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға күш саламыз. Шаралар нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығын 74 жастан 76 жасқа дейін ұлғайтамыз. Денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 30 пайызға дейін төмендетуге қысқартуға мүмкіндік береді. Дәрігерлер тапшылығы жойылады», деді жүздесуде Билалдин Ушуров.

Кандидаттар мәдениет, туризм, экология саласындағы жаңашылдықтарды да тілге тиек етті. Талғарлықтар өздерін толғандырған қоғамдағы өзекті мәселелерді жеткізіп, шешілу жолдарын қарастыруды атап өтті.

Кандидаттар тұшымды жауап беріп, оларды алдағы саяси кезеңде белсенді болуға шақырды.

 

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.