AMANAT: Алматы облысында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 22 ақпан, 2023

Алматы облысында 400-ге тарта медициналық мекеме жұмыс істейді. Онда қазірде 2,8 мың дәрігер қызмет етеді. Алайда, өңірде дәрігер тапшылығы байқалады. Бүгінде 105 маман жетіспейді. Мұнымен қоса, кейбір елді мекендерде денсаулық сақтау ұйымдары жалға берілетін және бейімделген үй-жайларда орналасқан, деп хабарлайды Turkistan Today.

 

Осыған байланысты «Аманат» партиясы бар күш-жігерін халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, ақ халаттылардың жетіспеушілігін жоюға бағыттамақ. Сол үшін алдына мақсат қойып, кешенді жұмыс жоспарын құрды. Ол Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Қуат Байғоджаев, Дәулет Жарасбаев, Сайдулла Сарсеков Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Партияның алға қойған міндеттемелері облыстық «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында тізбектелген. Кандидаттардың айтуынша,2027 жылға дейін облыста 58 медициналық нысан салынады.

 

«20 дәрігерлік амбулатория, 19 фельдшерлік-акушерлік пункт, 16 медициналық пункт, 3 емхана бой көтереді. Әсіресе, осындай шағын ауыдарда 2025 жылға дейін 38 жаңа ғимарат салынады. Сонымен қатар, тозған емханаларды да жаңғыртуды көздеп отырмыз», − деді жиында сөз алған Қуат Байғоджаев.

Кездесуде өзге кандидаттар да кезек-кезек сөз алды. Сайлауалды бағдарламада айтылған өзгерістердің барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсартуына бағытталғанын атап өтті. Соған орай, баспанамен қамту, жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жақсарту үшін нақты істер қолға алынбақ.

 

Шара соңында кандидаттар сайлаушыларды 19 наурыз күні өтетін саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырды.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.