Өңірде үшауысымды оқытатын 52 мектеп бар. 61 білім ошағы үй-жайларда орналасқан. Қазірде жалпы өңір бойынша 6,7 мың оқушы орны жетіспейді. Мұндай мәселе жеткіншектерді балабақшамен қамту жайында да бар, деп хабарлайды Turkistan Today.
Алматы облыстық «AMANAT» партиясының 2027 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы өңірдегі проблемалардың шешілу жолын айқындады. Алдағы жоспарды мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Увалиев Іле ауданындағы Байсерке ауылдық округіндегі №28 мектеп гимназиясының еңбек ұжымымен кездесуде баяндады. Айтуынша, алда Іле ауданымен қатар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында үшауысымды оқытуды жою үшін 63 мектеп салынады.
«Жаңа нысандардың қолданысқа берілуімен 68,2 мың оқушы орны пайда болады. Сонымен қоса, 39 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілмек. Балабақшалардағы кезек мәселесін шешу мақсатында 370-тен астам мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады. Әлеуметтік осал топ отбасынан шыққан балаларға тегін тамақ беріледі», − деді Мұрат Увалиев.
Кандидат ұстаздарға сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаттарын түсіндірді. Бұл құжаттағы жаңашылдықтар ертеңгі қуатты Қазақстанды құруғабағыттайтынын атап өтті.
Қатысушыларды толғандырған сұрақтарды сұрастырып, тиісті жауабын берді. Педагогтер қауымын алдағы сайлауда белсенділік танытуды сұрады.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.