AMANAT: Алматы облысында жыл сайын 75 мектеп жаңғыртылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 24 ақпан, 2023

 

Азаматтардың сапалы білім алуына, оларға жайлы оқу жағдайын жасауға – мемлекет тікелей жауапты. Осы орайда, «AMANAT»  партиясы жастарды заманауи әрі қауіпсіз білім ошақтарымен, тегін тамақпен қамтамасыз ету жайын қарастырып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.

 

Осы бағытта облыстық «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасында сала аясындағы проблемалардың шешілу жолдарын қарастырды. Ол мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Төлепбергенованың  Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылындағы №19 орта мектебінде өткен кездесуде айтылды.

Ұстаздар қауымымен кездесуде Әсел Болатқызы сайлауалды бағдарламадағы білім саласын дамытуға қатысты  шараларды жіті түсіндірді.

 

«Біздің шаралар оқушылардың тапшылығын толығымен жоюға, үшауысымды мектептердің санын 7-ге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бейімделген білім ошақтары көрсеткішін де төмендетеміз. Балаларды балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізбекпіз. Сонымен қатар, студенттік жатақханалардағы орын жетіспеушілігін жоймақпыз. Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етуді де көздеп отырмыз», - деді жиында сөз алған Әсел Төлепбергенова.

Мұнымен қоса, жыл сайын заманауи стандарттарға сай мектептердің жаңартылып отыратынын атап өтті. Жыл сайын кемінде 90 физика, химия, биология, STEM кабинеттерін жабдықталатынын айтты.

 

Жалпы, кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның 4 бағыты кеңінен тарқатылды. Ол халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әл-ауқатын жақсартып, ел эономикасын дамыту үшін қызмет ететінін тілге иек етті.

 

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.