«AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі мен әрбір азаматтың қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуын назарға алған. Осы орайда Сыр өңірінде осы саланы дамытуға бағытталған көптеген ауқымды жобалар іске аспақ.
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер А.Қасымова, А.Рахметов, Ж.Кожарипова облыс орталығындағы «Q-med» медициналық клиникасында болып, ұлт саулығы аясында дәрігерлер ұжымымен пікірлесіп, алдағы өтер сайлау науқанына белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Жаннат Кожарипова жиналғандарға кәсіби медициналық көмектің қолжетімділігіне тоқталды.
Сыр өңірінің денсаулық сақтау саласында серпінді жұмыс атқарылуда. Аудандық ауруханалар, фельдшерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар көптеп салынуда. Облыс орталығында «Қан орталығы» салына бастады. Мұның барлығы халық игілігі үшін. Мемлекеттің басты байлығы адам, адамның басты байлығы денінің саулығы. Медициналық көмек ауыл тұрғындарына жылдам әрі қолжетімді болуы керек. «АМАNАТ» партиясы осы мақсатты ұсытанып отыр»,- деді Жанат Қожарипова.
Үміткер Алмас Рахметов медицина саласында қандай өзгерістер болатынын, халыққа қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
Облыста медицина саласына қатысты шешімін табуы тиіс мәселелер бар. Соның ішінде мамандар мен орын тапшылығы, медициналық нысандардың жөндеу жұмыстары. Алайда «Q-med» клиникасында басым көпшілігі әйел азаматшалар екен. Менің баса айтқым келетіні партия әйел аналарға қолдау көсетуде. Жақында ғана республикалық әйелдер форумы өтті. Сондай ақ партия жанынан «Әйелдер қанаты» құрылмақшы. Бұл әйелдерге қолайлы жағдай жасаудың алғы шарты. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы үшін «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын» деді өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айсұлу Қасымова.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.