Amanat: мәдениет саласының дамуына ықпал етеміз

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 9 наурыз, 2023

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері Нұрболат Ибраев, Нұркен Бақытбекұлы, Мұрат Жұмаділдаев Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұжым қызметкерлерімен кездесті.   
Кітапхана саласының қызметкерлері халықтың мәдени-рухани шығармашылығының артуына зор үлес қосуда. Сондықтан олардың жалақысын көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту жылдан-жылға артып келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасында да мәдениет саласын дамыту, халықтың шығармашылыққа қабілетін ашу жұмыстары жоспарланған. Басқосуда осы және өзгеде тақырыптарда пікір алмасып, партия тарапынан болып жатқан қолдау жөніне тоқталды, деп хабарлайды Turkistan Today.


«AMANAT» партиясы тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту арқылы, оның ішінде: тұрғын үй, таза ауыз су, жылу, энергия және жолдарды жаңғыртуға ықпал етіп, азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне бар күш-жігерін салады.


Штаб мүшелерімен әңгімелесу кезінде тұрғындар саладағы өзекті мәселелер туралы айтты. 
Кездесуде кандидат Нұрболат Ибраев бағдарламадағы мәдениет саласын дамытуға қатысты жоспарланған жұмыстар төңірегінде атап өтті. 

« Бүгінгі таңда облыста мәдени-демалыс нысандарының тозу деңгейі жоғары. Мәдени мұрамызды сақтау, рухани-мәдени дамуға жағдай жасау, бос уақытты тиімді өткізу үшін кешенді шаралар қажет. Ол үшін біз мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне ықпал етеміз. «Ұлттық мұра» жобасы аясында тарихымызды дәріптеу, руханиятымызды жаңғырту бағытында жыл сайын түрлері шаралар өткізілмек. Партия өңірде 10 мәдениет нысандары құрылысын салуға қаражы бөлінуіне ықпал етеді. Нәтижесінде бұл жұмыстар мәдениет нысандардың инфрақұрылымын жаңартуға, халықтың бос уақыттын тиімді ұйымдастыруға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді. Біз облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге дайынбыз және өңірімізді дамытуға бар күшімізді саламыз», – деді үміткер. 



Өз кезегінде кандидат Нұркен Бақытбекұлы «AMANAT» партиясы жауапкершіліктен қашпайды, керісінше сайлауалды бағдарламасында халықтың әл-ауқатын арттыруға барынша күш салып, алдына басты міндет етіп отыр. Сондықтан осы игілікті істердің жемісін бірге көру үшін «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын»,- деді. 

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.